
Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі базасында өңірлік колледждердің әдістемелік қызметіне арналған облыстық семинар өтті. Кездесудің басты тақырыбы – педагогтердің кәсіби дамуы мен өсуінің жаңа стратегияларын іздестіру болды.
Павлодар политехникалық жоғары колледжінің өкілі Ирина Матвеенко «Soft skills – hard task» тұжырымдамасын таныстырып, оқытушылар үшін эмоционалдық интеллектінің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Б. Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледждің өкілі Алтын Смаилканова жас мұғалімдер арасында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мәселесін көтерді.
Тереңкөл ауданы аграрлық колледжінің оқытушысы Юлия Наумова студенттерді өз бетінше шешім қабылдауға үйрететін «ТОГИС» технологиясын енгізу тәжірибесімен бөлісті.
ТжКБ ОӘК әдіскерлері Айнұр Иманшарипова мен Гүлмира Жұмадилова педагогтерді аттестаттаудың өзекті ережелері, сондай-ақ әдістемелік құралдар мен авторлық жұмыстарды сараптау критерийлері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Семинар 2026 жылға арналған педагогтердің республикалық байқауларға қатысу кестесі мен біліктілікті арттыру курстарының жоспарын таныстырумен қорытындыланды. Аталған ақпаратты Әлия Жақыбай ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1195699?lang=kk

Жауап қалдыру