
2026 жылдың 7 сәуірінде Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласының бөлім басшысы Е.Тажикенов «Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу мәселелері» тақырыбында онлайн-семинар өткізді. Шара «Zoom» платформасы арқылы облыс бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының тіркеуші мамандары мен қала және аудан бөлім басшыларының қатысуымен ұйымдастырылды. Семинар барысында тіркеу процесінің жаңартылған талаптары, құжаттарды рәсімдеудің тиімді жолдары және заңнамадағы соңғы өзгерістер егжей-тегжейлі талқыланып, қатысушылар өзекті сұрақтарына жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1195684?lang=kk

Жауап қалдыру