
Маңғыстау облысының аумағында ағымдағы жылдың 6–10 сәуірі аралығында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мал ұрлығының алдын алу, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және мал иелерінің жауапкершілігін арттыру.
Аталған іс-шара аясында полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, малды ұстау және бағу қағидаларын сақтау қажеттігін ескертуде. Әрбір азамат өз мүлкінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет.
https://www.instagram.com/reel/DWykvJ2jL3p/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1195742?lang=kk

Жауап қалдыру