Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған кезекті жиналыс өтті. Іс-шара басқарма басшысы Бетбаев Бақыт Аязұлының төрағалығымен ұйымдастырылып, оған басқарма қызметкерлері толықтай қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты – ұжым ішінде қызметтік әдепті сақтау, мемлекеттік қызмет қағидаттарын нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелеу болды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша Әкімшілік, ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Исаков Мират Нұрғалиұлы баяндама жасап, қолданыстағы заңнама талаптары мен мемлекеттік қызметшілерге жүктелген міндеттерге кеңінен тоқталды.

Баяндамашы өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы мен іс-әрекеті қоғам сеніміне тікелей әсер ететінін атап өтті.

Сонымен қатар, ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге қойылатын шектеулерге ерекше назар аударып, ойын мекемелерінде құмар ойындарға қатысуға және интернет арқылы бәс тігуге қатаң тыйым салынатынын жеткізді. Бұл талаптарды сақтамау тәртіптік жауапкершілікке, тіпті қызметтен босатуға дейінгі шараларға әкеп соғатыны ескертілді.

Жиын барысында қызметтік тәртіпті сақтау, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, еңбек тәртібін қатаң ұстану, сондай-ақ іскерлік киім үлгісін сақтау мәселелері де қозғалды. Қызметкерлерге өз міндеттерін адал әрі сапалы орындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізу қажеттігі атап өтілді.

Жиын қорытындысында басқарма басшысы Бетбаев Бақыт Аязұлы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебі мен жауапкершілігі – мемлекеттік орган беделінің негізі екенін атап өтіп, барлық қызметкерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға, адал қызмет етуге және жоғары моральдық қағидаттарды ұстануға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-veterinaria/press/news/details/1195182?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді