Қарағандылықтарды классикалық музыка кешіне шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандыдағы Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестр классикалық музыка кешін өткізеді. Бағдарламада үрмелі және ішекті аспаптарда орындалатын әлемдік классиканың танымал туындылары ұсынылады.

Концерт 10 сәуір күні сағат 18:30-да «Amanat» партиясының концерт залында (Әлиханов көшесі, 4) өтеді.

Классикалық музыка әуесқойлары алдында халықаралық байқаулардың лауреаттары — флейташы Ольга Абдрахманова мен скрипкашы Александра Иванова өнер көрсетеді. Дирижёрлық пультте — композитор, халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.

Кеш бағдарламасында: Вольфганг Амадей Моцарттың «Серальдан алып қашу» операсына увертюрасы; Гельмер-Райнер Синисалоның флейта мен оркестрге арналған ре мажордағы концерті (1940); Петр Ильич Чайковскийдің «1812 жыл» салтанатты увертюрасы (№49 шығарма); Тілес Қажғалиевтің флейта, скрипка және камералық оркестрге арналған концерті, сондай-ақ өзге де шығармалар орындалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1195071?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді