
Исламабад, 2026 жылғы 7 сәуір – ҚР ПИР-дағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – «Заманауи тілдер ұлттық университетіне» (National University of Modern Languages – NUML) барып, университет ректоры Шахид Махмуд Каянимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың ү.ж. 3-4 ақпанда Пәкістанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындыларын, сондай-ақ білім беру саласында қол жеткізілген уағдаластықтарды талқылады.
NUML басшысы университеттің бүгінгі таңда ҚР бірқатар жетекші жоғары оқу орындарымен байланыс орнатқанын және академиялық байланыстарды нығайту, сондай-ақ көпқырлы ынтымақтастықты дамыту бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтті.
Сонымен қатар, ҚР мен ПИР жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған перспективалы бағыттар мен жобалар қарастырылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша NUML делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1195717?lang=kk

Жауап қалдыру