
Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін иммигранттар үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша онлайн-диагностикалық тестілеу өткізу кестесі
Өтінімдер app.testcenter.kz сайтында қабылданады:
- сайтқа тіркеліңіз;
- «Өтініш беру» басыңыз;
- «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ» таңдаңыз.
- «Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін иммигранттарға арналған онлайн диагностикалық тестілеу» басыңыз.
ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу 2 блоктан тұрады:
- Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы, шекті балл – 6 балл;
- Оқылым – 40 тест тапсырмасы, шекті балл – 12 балл.
Сертификат алу үшін тестіленуші әрбір блок бойынша қажетті шекті балды жинауы тиіс.
Тестілеу ұзақтығы – 70 минут.
Тестілеуге қатысу құны – 9 000 теңге.
Толық ақпарат: testcenter.kz сайтында «ҚАЗТЕСТ» бөлімінде қолжетімді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1195534?lang=kk

Жауап қалдыру