
Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде географиялық нұсқамаларды коммерцияландыру шарттарын қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г.У. Қыстаубаева географиялық нұсқама ретінде тіркелген «Qypchaq Qyz» жеке кәсіпкерлігінің өкілі М.Б. Жақсылықовамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында коммерцияландыру үшін іріктелген географиялық нұсқамалар тізбесіне енгізілген өнімдерді сауда желілерінде орналастыру мәселелері талқыланды.
Қазіргі таңда географиялық нұсқама мәртебесіне ие халық қолөнері бұйымдары, оның ішінде қыш ыдыстар мен әшекейлер шетелдік және жергілікті тұтынушыларға сатылымға ұсынылуда.
Ұсынылған өнімдер Атырау өңірінің имиджін арттырып, тұтынушылар арасында жоғары сұранысқа ие болуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1195737?lang=kk

Жауап қалдыру