
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын сапалы әзірлеуге белсенді қатысқаны, сондай-ақ жалпыұлттық референдумды ұйымдастыру және өткізу ісіне қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мемлекет басшысы маңызды саяси науқанды жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізуге азаматтардың қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтіп, оның елдің одан әрі дамуы үшін маңыздылығын айқындады.
Осы жауапты жұмысты атқару барысында көрсетілген еңбек жоғары бағаланды. Әкімдік өкілдері қол жеткізілген нәтижелер өңірдің мемлекеттік қызметшілерінің кәсібилігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің айқын көрінісі екенін атап өтті.
Марапатталғандардың қатарында Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты А.С. Ибраимов бар, ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, Атырау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмыстары және заң көмегін көрсету бөлімінің басшысы А.А. Анжанова, сондай-ақ Атырау облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы М. Кукатов Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.
Аталған марапаттар қызметкерлердің жоғары жауапкершілігі мен Отанға адалдығының айқын белгісі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1195730?lang=kk

Жауап қалдыру