ШҚО аудандарында мемлекеттік қызметшілерге арналған семинарлар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Самар, Күршім және Марқакөл аудандарында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған семинар-тренингтер ұйымдастырылды.

Іс-шараларда Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мира Беккужина, ШҚО әкімі аппараты құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Елена Карпова, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Сырым Үмітқазы спикер ретінде сөз сөйледі.

Кездесулер барысында спикерлер практикалық мысалдар келтіріп, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру шаралары туралы баяндады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1195423?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді