ШҚО-да су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізіліп, жедел штабтың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірде қар еруінің белсенді кезеңі жүріп жатыр. Облыс бойынша қар жамылғысының ауданы 52%-ды құрайды. ТЖД-да жедел штабтың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды. Облыстағы жағдайды бағалау мақсатында 6 аэровизуалды тексеру жүргізілді.

Өзендердегі кептелістерді болдырмау үшін жалпы ауданы 181 581 шаршы метр болатын 17 учаскеде жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта өзендерде мұздың сирек жүруі, өзен жағалауларында мұз үйінділері мен жағалық мұз қалдықтары байқалады.

Жағдай күрделенген жағдайда резервте 82,2 мың дана қап, 10 278 тонна инертті материал және 393,65 тонна жанар-жағармай материалы бар.

Ақпан айының 3 онкүндігінен бастап арналарды, арықтарды, су өткізу құрылыстарын, көпірлерді тазарту бойынша іс-шаралар өтті. Су тасқынына қарсы жұмыстар 100% орындалды. 432,2 мың текше метр қар шығарылды.

Өзендердің арнасынан асуы байқалмайды, үйлер мен аула аумақтарын су басу тіркелмеген. Су тасқынына қарсы одан әрі күшейтілген іс-шаралар жүргізілуде, гидропосттар арқылы өзендер деңгейіне бақылау орнатылды, қауіпті учаскелерге әуе мониторингі жүзеге асырылуда.

Күштер мен құралдар жедел әрекет етуге дайын.

Түсіндіру жұмыстары жалғасуда, тұрғын үй секторы бойынша 636 рейд ұйымдастырылды. Тұрғындарға үйлерінің жанында арықтар мен ағындардың арналарын тазалап, үйдің аумағын бекіту үшін материалдың болуы ұсынылады.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлау қажет.

Дереккөз: ШҚО ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1195704?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді