Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мынадай шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

1) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысының ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы» 2022 жылғы
31 тамыздағы № 20/8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29410 болып тіркелген);

2) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 31 тамыздағы № 20/8
«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 20/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі.

  1. Осы шешім ресми жариялануға тиіс және 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
төрағасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-energy/press/news/details/1195425?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді