Түркістан облысының диқандары Ресейге ерте пісетін қырыққабат өнімін экспорттады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қылышбек» шаруа қожалығы «Пекинка» сұрыпты қырыққабат өнімінің алғашқы топтамасын Ресей нарығына шығарды.

Биыл шаруашылық 4 гектар алқапқа ерте пісетін қырыққабат еккен болатын. Жұмыс барысында тамшылатып суару сияқты заманауи агротехнологиялар қолданылуда. Бұл өнімнің шығымдылығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде 120 тонна өнім алу жоспарлануда.

Жалпы Мақтаарал ауданында 1404 гектар жерге көкөніс дақылдары егілген. Оның 1016 гектары сұранысқа ие «Ринда», «Пекин» және «Пандион» сұрыптарындағы қырыққабатқа тиесілі.

Өнім тек ішкі нарықта ғана емес, Ресей мен Еуропа елдерінде де жоғары бағаланады.

Мәселен, былтыр Мақтаарал ауданында 520 гектар алқапта 11 мың тонна қырыққабат өсіріліп, оның едәуір бөлігі Ресей мен Беларуське экспортталған еді.

Айта кетейік, Түркістан облысының аграрлық саласының негізгі ерекшеліктерінің бірі — жер ресурстарын тиімді пайдалану. Ерте пісетін қырыққабат жиналғаннан кейін сол алқаптарға бақша дақылдары, мақта, жүгері және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Бұл жылына екі, кей жағдайларда үш рет өнім алуға жол ашады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1195227?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді