ТЖМ әскери қызметшілері Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шараларды аяқтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Алтай ауданын да су тасқынының алдын алу бойынша жүргізілген іс-шараларға жұмылдырылған Қазақстан Республикасы ТЖМ К.Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінің екінші құтқару батальонының жеке құрамы Өскемен қаласындағы тұрақты орналасу орнына оралды.

Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаевтың атынан әскери қызметшілерге атқарылған жұмыстары үшін алғыс білдірілді.

Еске сала кетейік, 12 наурыздан бастап жеке құрам Алтай ауданының Тұрғысын, Чапаево, Малеевск, Соловьево, Маяк ауылдарында, Зубовск кентінде және Алтай қаласында су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар атқарды.

Батальон күшімен жалпы ұзындығы 4905 метр арықтар қар мен мұздан тазартылды, 6 көпір, 2 канал, 27 су өткізу құбыры тазаланды. 1220 дана қап инертті материалмен толтырылды. Зубовск кентіндегі Бұқтырма өзенінің бөгеті қаптармен бекітілді. Сонымен қатар, су тасқыны қаупі бар елді мекендердің тұрғындарымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Ренат Құрмамбаев 2-құтқару батальонының жеке құрамына алғыс хаттар табыстап, тұрғындармен бірге ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халықты су тасқыны қаупінен қорғауға қосқан үлестері үшін шынайы риза

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1195048?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді