Велосипед құлыпта: павлодарлық учаскелік полицейлер рейдке шықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін «Заң мен тәртіп» әр аулада: Павлодар қаласының учаскелік инспекторлары профилактикалық рейд өткізді. Қаланың қауіпсіздігі әр тұрғынның өз подъезіндегі тәртіптен басталады. Оңтүстік полиция бөлімінің №11 учаскелік полиция пунктінің учаскелік инспекторлары ауқымды тексеру жүргізіп, ең өзекті мәселелерді қамтыды: велосипедтерді қорғаудан бастап тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға дейін.

Маусым басталысымен екі дөңгелекті көлік ұрлығы тұрғындар үшін өзекті мәселеге айналады. Полицейлер аулаларды, подъездерді және велосипед сақталатын орындарды мұқият тексерді.

– Инспекторлардың басты кеңесі: әрқашан сенімді құлыптарды пайдалану. Қараусыз қалдырылған велосипед қылмыскерді қызықтырады, сондықтан мүлікті жабық орындарда сақтаған дұрыс. Сонымен қатар, біз интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Тұрғындарға қаражатты қорғауға көмектесетін цифрлық қауіпсіздіктің қарапайым ережелері түсіндірілді, — деді Павлодар қаласы ПБ учаскелік инспекторы Ілияс Камерден.

Шу, төбелес немесе алкогольдік ішімдік ішу деректері жиі тіркелетін мекенжайларға ерекше назар аударылды. Учаскелік инспекторлар «проблемалық» пәтерлерді аралап, профилактикалық есепте тұрған адамдарды тексерді.

— Мұндай тексерулер құқық бұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, тұрғындардың өтініш-шағымдарын тікелей тыңдауға мүмкіндік береді. Біздің мақсат — әр адам өз үйінде және ауласында өзін қауіпсіз сезінуі, — деп атап өтті ведомство өкілдері.

Павлодар қаласының полициясы тұрғындарды қырағы болуға және подъездерде күмәнді тұлғаларды байқаған жағдайда дереу хабарлауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1195611?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді