
Көліктегі полиция департаменті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы нысандарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған жұмысты жүйелі түрде жалғастыруда.
Жыл басынан бері көлік полицейлері 25 378 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу бойынша 1 831, ұсақ бұзақылықтың 190, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаудың 22 фактісі және басқа да құқық бұзушылықтар тіркелген.
Мәселен, «Орал – Астана» бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу барысында Қостанай станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері 49 жастағы жолаушыны анықтады. Ол алкогольдік масаң күйде болып, вагон жолсерігі мен басқа жолаушыларға қатысты балағат сөздер айтып, қоғамдық тыныштықты бұзған. Сонымен қатар, ол полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.
Аталған азамат ұсақ бұзақылық және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау бойынша екі баппен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Осыған ұқсас жағдай Ақтөбе станциясында да орын алды. Онда 46 жастағы ер адам қоғамдық тәртіпті бұзып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартқан. Ол да әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 тәулікке қамауға алынды.
Билік өкілінің заңды талабына бағынбау өрескел құқық бұзушылық болып саналады. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгендігін еске саламыз.
Азаматтарды полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынуға, сондай-ақ оларды қорлау сипатындағы әрекеттерге жол бермеуге шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1195789?lang=kk

Жауап қалдыру