«Жеке тұлғаның құқықтық қауіпсіздігі: киберқылмыс, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 7 сәуірінде Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің бас маманы Нургазин А.А. Қостанай облысы Полиция департаментінің өкілдері, полиция капитаны Куатова А.Р. және Полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция лейтенанты Кунеков А.Г.-мен бірлесіп, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ студенттеріне «Жеке тұлғаның құқықтық қауіпсіздігі: киберқылмыс, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.

🔹Іс-шара барысында студенттерге зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің негізгі қызмет бағыттары және зияткерлік құқықтарды қорғаудың заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлі түсіндірілді. Кездесу аясында киберқылмыс, дропперлік және тұрмыстық зорлық-зомбылық ұғымдары, олардың негізгі түрлері, туындау себептері мен алдын алу жолдары талқыланды. Сондай-ақ жеке қауіпсіздік шараларына және осындай жағдайларға тап болудың алдын алу тәсілдеріне ерекше назар аударылды.

🔸Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда киберқылмыс пен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру.

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1195550?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді