
Тараз қаласында 2026 жылғы 2-8 сәуір аралығында 9-11 (12)- сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағытында (Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқитын мектептердегі қазақ тілі) республикалық олимпиада өтті.
Семей қаласының мектептерінен 3 оқушы қатысып, 2 оқушы жүлделі орынға ие болды.
І дәрежелі дипломмен Қазақстан тарихы пәні бойынша “Ыбырай Алтынсарин атындағы 37 гимназиясы” КММ-нің 10- сынып оқушысы Бақытбекова Назерке марапатталды.
II дәрежелі дипломмен Қазақстан тарихы пәні бойынша “Ыбырай Алтынсарин атындағы 37 гимназиясы” КММ-нің 11-сынып оқушысы Төкен Еділ марапатталды.
Жеңімпаз оқушылар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I,II дәрежелі дипломдарымен, алтын, күміс медальдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1195715?lang=kk

Жауап қалдыру