Жолаушы жолы жеңілдейді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысында көлік инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарлама аясында қоғамдық көліктерді кезең-кезеңімен жаңарту, бағытын кеңейту бойынша да нақты жұмыстар атқарылуда, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Елді мекендердің қоғамдық көлікке қолжетімділігін арттыру және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту шаралары басты назарда. Мысалы, Алатау қаласы мен Ұйғыр ауданында екі жаңа автобус бағыты ашылды. Соның арқасында халықтың жүріп-тұруы жеңілдеп, өзге маршруттардың жүктемесі азайды. Сонымен қатар «Алматы облысы Автобус паркі» ЖШС екі жаңа маршрутты іске қосты.

Қоғамдық көлікті жаңартуға да ерекше көңіл бөлінуде. Бұл тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автопарктің техникалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Биыл 31 жаңа автобус сатып алынады деп жоспарланған. Қазіргі таңда оның 9-ы Талғар ауданында іске қосылған. 5 бірлік Yutong және 4 бірлік Isuzu жаңа автобустары халық игілігіне қызмет етуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сай жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1195450?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді