Ақмола облысында ішек ауруларын ерте анықтауға арналған капсулалық эндоскопия алғаш рет енгізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жоба Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен Central Asian Institute for Medical Research бірлесіп, облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Негізгі мақсат – тоқ ішек ауруларын, соның ішінде колоректалдық қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау және диагностиканың тиімділігін арттыру.
PillCam Crohn’s Capsule System инновациялық технологиясы инвазивті емес тексеру жүргізуге мүмкіндік береді: шағын бейнекапсула асқазан-ішек жолы арқылы өтіп, нақты бейнелерді жеткізеді және патологияларды ерте анықтауға жағдай жасайды.
Бұл технологияны енгізу диагностиканың қолжетімділігін арттырып, пациенттер үшін кедергілерді азайтады және өңірде заманауи скрининг жүйесін дамытуға ықпал етеді.
Бұл онкологиялық ауруларды азайтуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zdrav/press/news/details/1195943?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді