
«Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (ТР КО 034/2013) техникалық регламенті Кеден одағының аумағында міндетті түрде қолдануға және орындауға арналған ережелерді белгілейді.
Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі Кеден Одағының 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», Кеден Одағының 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», Кеден Одағының 005/2011 «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерімен реттеледі.
Ет және ет өнімдерінің таңбалануы Кеден Одағының 022/2011 «Тағам өнімдерінің таңбалау бөлігі» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Яғни, таңбалауда келесі ақпараттар міндетті түрде болуы керек:
- өндірушінің атауы және мекен-жайы;
- өндірілген күні;
- жарамдылық мерзімі;
- салмағы;
- құрамы;
- сақтау шарттары;
- таңбалану орыс тілінде және Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде жазылуы тиіс.
Барлық сатылатын ет өнімдерінде оның қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжаттары (жүкқұжат, сәйкестік туралы декларация, ветеринариялық анықтама немесе ветеринариялық паспорт) болуы міндетті
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/1196199?lang=kk

Жауап қалдыру