Сакура енді Тараз төрінде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласында көгалдандыру жұмыстары аясында маңызды экологиялық бастама жүзеге асуда. «BI Group» құрылыс компаниясының қолдауымен шаһарға 100 түп сакура ағашы сыйға тартылды.

 Сакура көшеттерінің тұқымы Бельгиядан жеткізілген. Ал олар Қазақстанның климаттық жағдайына бейімделуі үшін Шымкент қаласындағы «Ақ қайың» жылыжайында арнайы өсірілген. Мамандардың айтуынша, мұндай тәсіл ағаштардың жергілікті ауа райына төзімділігін арттырады.

Жоспарға сәйкес, сакура көшеттері Жамбыл Жабаев ескерткіші маңына отырғызылады. Бұл аумақ алдағы уақытта ерекше эстетикалық келбетке ие болып, тұрғындар мен қала қонақтары үшін тартымды демалыс орнына айналмақ.

 Сакура ағаштары көктем мезгілінде әсем гүлдеп, қала көркін айшықтай түседі. Сонымен қатар, бұл бастама Тараздың экологиялық ахуалын жақсартып, жасыл желекті аймақтардың қатарын арттыруға өз үлесін қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1196190?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді