
Сарыағаш ауданы аумағындағы жайылымдық жерлерде шегіртке зиянкестерінің таралуының алдын алу мақсатында химиялық өңдеу жұмыстары басталды. Осыған байланысты аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне қарасты Сарысу елді мекенінде жүргізіліп жатқан өңдеу шараларының барысымен танысты.
Негізгі мақсат – шегіртке ошақтарын жедел түрде залалсыздандырып, зиянкестердің жаппай таралуына жол бермеу. Сонымен қатар, аудан аумағындағы жайылымдық және егістік жерлерді сақтап қалу көзделуде.
Осы бағытта Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңірде қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында арнайы штаб құрылған. Қазіргі таңда аса қауіпті үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу және фитосанитариялық іс-шараларды ауданға қарасты 10 ауылдық округте жүргізу жоспарланған. Іс-шаралардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін арнайы техника мен білікті мамандар жұмылдырылған.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1196767?lang=kk

Жауап қалдыру