Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрт қауіпті жағдайға әсер ететін ауа райының қалыптасуына байланысты, ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2026 жылғы 06 сәуірдегі №27–03/76 НҚ бұйрығымен өрт қауіпті маусымы жарияланды.
Жыл сайын қар жамылғысы еріп, ауа температурасы оң көрсеткіштерге жеткенде егістіктерде, шабындықтарда құрғақ шөпті өртеу, қоқыс жағу мәселесі туындайды, бұл өрттің көбеюіне және оның іргелес орман алқаптарына таралуына әкеп соғады.
Жылы күндердің басталуымен халықтың табиғатқа шығып, от жағуы жиілейді.
Өрт қауіпті кезеңінде мыналарға қатаң тыйым салынады:
- сөндірілмеген жаңу, бықсу көздерін (жанып тұрған сіріңке, темекі тұқылы, ыстық күл және т. б.) қалдыруға; жанғыш немесе бықситын материалдан (қағаз, кендір және т. б.) жасалған тығындарды қолдануға;
- майланған немесе тез тұтанатын, жанғыш сұйықтармен, сондай-ақ басқа да жанғыш заттармен сіңірілген материалдарды (қағаз, мата, кендір, мақта және т. б.) қалдыруға;
- машиналар мен механизмдердің жанармай бактарын белгіленбеген жерлерде, сондай-ақ қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде толтыруға;
- тез тұтынатын және жанғыш сұйықтардың ағуына әкелетін ақаулары бар машиналарды пайдлануға, сондай-ақ жанармай құйылып жатқан машиналардың жанында темекі шегуге немесе ашық отты пайдалануға;
- орман қоры жерлерінде және іргелес аумақтарда шырпыны, орман төсенішін, шөпті және басқа да орманның жанғыщ материалдарын өртеуге;
- орман қоры аумағында ашық отпен жұмыстар жүргізуге;
- ормандарда жіне іргелес аумақтарда от жағуға.
Өңірдегі өрт жағдайын бақылау үшін мониторингтің үш деңгейлі жүйесі қолданылады: жерүсті патрульдеуі, бейнебақылау камералары және ғарыштық мониторинг. Өрт қауіпті маусымы жарияланғаннан кейін өңірдің барлық өртке қарсы күштері мен құралдары жоғары дайындық режиміне ауыстырылады, мемлекеттік орман күзеті бекітілген мемлекеттік орман күзеті бекітілген мемлекеттік орман қоры аумақтарында жерүсті патрульдеуін күшейтеді.
Егер сіз өртті байқасаңыз, оны өз бетіңізше сөндіруге тырысыңыз. Егер от күшейіп кетсе, дереу 101 және 112 бірыңғай шұғыл қызметтер нөмірлеріне (тегін), СҚО әкімдігінің табиғи ресуртар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 8 (715-2) 53-36-39, 8 (715-2) 53-36-45 телефондары арқылы хабарласыңыз.
Сондай-ақ орман шаруашылығы диспетчерлік қызметінің бірыңғай телефоны жұмыс істейді: 8 (715-2) 50-67-61.
Өрттің қасынан өтіп кетпеңіз! От қатыгез – ол өз жолындағының бәрін: құс ұяларын, кірпілерді, көжектерді және құтылыға еш мүмкіндігі жоқ басқа да көптеген жануарларды жояды.
Солтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпті маусымы ағымдағы жылдың қазан айына соңына дейін жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tabigat/press/news/details/1196168?lang=kk

Жауап қалдыру