
Тұрғындардың жайлы өмір сүруіне бағытталған ірі жоба аясында бүгінде 30 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жалпы аумағы 37 мың шаршы метрді құрайтын үйлерде 1008 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Жаңа баспаналар заманауи талаптарға сай салынып, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы басты назарда. Аула аумақтары абаттандырылып, балалар ойын алаңдары, демалыс орындары, автотұрақтар мен жаяу жүргіншілер жолы қарастырылған.
Бұл жоба – тек тұрғын үй құрылысы ғана емес, халыққа қолайлы әрі заманауи өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1196186?lang=kk

Жауап қалдыру