ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ГАРНИЗОНДЫҚ САПТЫҚ ТАРАЛЫМЫН ӨТКІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ГАРНИЗОНДЫҚ САПТЫҚ ТАРАЛЫМЫН ӨТКІЗДІ

Алматы облысы Полиция департаментінде жеке құрамның қызметтік тәртіпті нығайтуға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету міндеттерін орындауға дайындығын арттыруға бағытталған гарнизондық таралымы өтті.

Іс-шара барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті тексеріліп, белгіленген талаптарға сәйкес жазғы нысанды киімге көшу жүзеге асырылды. Сондай-ақ қызметтік тәртіп пен полиция қызметкерлеріне қойылатын стандарттарды сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, жеке құрамға табельдік қару мен арнайы құралдарды алып жүру және қолдану тәртібі бойынша жан-жақты нұсқама берілді. Полицейлерге қызмет атқару кезінде заң талаптарын және іс-қимыл алгоритмдерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Мейрам Әбікеев жеке құрамға өңірдегі ағымдағы жедел ахуалды жеткізіп, жұмыстың басым бағыттарын айқындап, «Заң мен тәртіп» қағидатын, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

Гарнизондық сапқа тұру барысында азаматтармен сыпайы әрі дұрыс қарым-қатынас жасау, құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдаланбау мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1196381?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді