11-сынып оқушылары үшін “Білім беру-мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда белгіленген басымдықтар” тақырыбында сынып сағаты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің тапсырмасын іске асыру шеңберінде “Чистопол орта мектебі” КММ — де 11-сынып оқушылары үшін “Білім беру-мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда белгіленген басымдықтар” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Чистопол ауылдық округі әкімдігінің бас маманы О.С. Подмастерец оқушыларға мемлекеттің дамуындағы білім берудің маңыздылығы туралы айтып берді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясында көрсетілген негізгі ережелер мен басымдықтарды түсіндірді.
Сынып сағаты барысында оқушылар пайдалы ақпарат алып, өзекті мәселелерді талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.
Мұндай іс-шаралар АЗАМАТТЫҚ жауапкершілікті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және әр адамның өміріндегі білімнің маңыздылығын түсінуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-chistopolye/press/news/details/1197146?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді