
2026 жылдың 8 сәуірінде қала мектептерінің оқушылары арасында
XXVII республикалық “Абай оқулары” шығармашылық байқауының қалалық кезеңі ұйымдастырылды. Байқауға қала мектептерінен 50 оқушы қатысып, Абай мұрасын насихаттауда өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Байқау 5 номинация бойынша өтті:
- «Абайдың асыл мұрасы»
Бұл номинацияда қатысушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, мәнерлеп оқу шеберлігімен бағаланды. Қазылар алқасы оқушылардың шығармаларды толық білуі мен орындау деңгейіне назар аударылды.
🏆 Жеңімпаздар:
I орын –Арғынғалиева Айару, «№ 16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
II орын – Тоқтаған Амина, «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы»
Рахымбек Нұрали, «№50 жалпы орта білім беретін IT-мектеп-лицейі»
ІII орын – Төлеубекова Аружан, «Әлихан Бөкейхан атындағы № 39 жалпы орта білім беретін мектебі»
Қанатова Ақбота, «№ 49 жалпы орта білім беретін мектебі»
Жөкен Жансая, «№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі»
Санақбек Кәусар, «Мектеп жанындағы интернаты бар № 42 жалпы орта білім беретін мектебі»
- «Абайдың ақын шәкірттері»
Қатысушылар Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа айтып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді.
🏆 Жеңімпаздар:
I орын – Сұлтан Алмас «Мектеп жанындағы интернаты бар № 42 жалпы орта білім беретін мектебі» 10 сынып;
II орын – Аянқызы Айша, «№ 15 жалпы орта білім беретін мектебі»
Дулатова Махфуза, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебі» 9 сынып
III орын- Сембаева Нұрайым «№ 16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
- «Әнді сүйсең, менше сүй»
Бұл номинацияда оқушылар Абай, Шәкәрім, Ақылбай әндері мен күйлерін орындап, өнер шеберліктерін көрсетті.
🏆 Жеңімпаздар:
I орын –Ерболов Ерали, «№ 46 жалпы орта білім беретін мектебі» 8 сынып;
II орын – Тұрсынғазы Ақтілек «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебі» 8 сынып;
Қайратбек Ырысгүл, «№ 23 жалпы орта білім беретін мектебі» 8 сынып;
III орын – Мәулен Кәусар «№ 4 жалпы орта білім беретін мектебі» 9 сынып;
Қадылов Диас , «№ 11 жалпы орта білім беретін мектебі» 11 сынып.
- «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»
Оқушылар өз шығармаларын ұсынып, авторлық өлеңдерін оқып, шығармашылық қабілеттерін танытты.
🏆 Жеңімпаздар:
I орын – Бейсен Айзере, «Қайрат Рысқұлбеков атындағы № 33 жалпы орта білім беретін мектебі»
II орын – Жабаев Мерлан, «Әлихан Бөкейхан атындағы № 39 жалпы орта білім беретін мектебі»
III орын- Кикимова Найзана, «№ 3жалпы орта білім беретін мектебі»
- «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі»
Қатысушылар Ұлы ақын туралы көркем шығармаларды (М.Әуезовтің «Абай жолы», Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», К.Оразалиннің «Абайдан соң» және басқа да туындылар) талдап, сұрақтарға жауап берді.
🏆 Жеңімпаздар:
III орын – Серікқазы Іңкәр, «№ 22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі»
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталып,жүлделі І орын алған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Ұлы Абай мұрасын дәріптеу жолындағы ізденістеріңіз әрқашан жемісті болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1197239?lang=kk

Жауап қалдыру