Абай облысында велосипед ұрлығының алдын алу бағытындағы жұмыс күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жылы күндердің басталуымен бірге велосипедті күнделікті қатынас құралы және белсенді демалыс түрі ретінде пайдаланатын азаматтар саны да артып келеді. Осыған байланысты Абай облысының полицейлері велосипед ұрлығының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды күшейтуде.

👮‍♂️Семей қаласы Полиция басқармасы тұрғындарға жеке мүліктің сақталуына бейжай қарамаудың маңызын ескертеді. Тәжірибе көрсеткендей, велосипед ұрлығы көбіне тұрғын үйлердің аулаларында, кіреберістерде, білім беру ұйымдарының маңында, дүкендер жанында және адам көп шоғырланатын орындарда орын алады. Көп жағдайда мұндай құқық бұзушылықтар велосипедтің қараусыз қалдырылуы немесе тиісті қорғаныс құралдарының пайдаланылмауы салдарынан жасалады.

‼️Осыған байланысты полиция азаматтарға велосипедтерін көшеде, подъезде немесе тұрғын үй аулаларында ұзақ уақыт қараусыз қалдырмауға, міндетті түрде сенімді құлыптау құрылғыларын қолдануға, мүмкіндігінше жарықтандырылған әрі бейнебақылау камералары орнатылған орындарға қоюға кеңес береді. Сонымен қатар велосипедтің маркасы, түсі, ерекше белгілері мен фотосуретін сақтап қою да оны іздестіру барысында маңызды рөл атқарады.

💥Құқық бұзушылықтың алдын алу — тек полицияның ғана емес, әр азаматтың жеке жауапкершілігін талап ететін ортақ міндет. Осы ретте Абай облысының полицейлері тұрғындарды сақтық шараларын қатаң ұстануға, қырағылық танытуға және күмәнді жағдайлар байқалған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1196803?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді