Абай облысы Полиция департаментінде жеке құрам жазғы киім үлгісіне көшкеніне орай қызметкерлердің сыртқы келбеті мен тәртібін тексеру мақсатында кең ауқымды саптық тексеріс ұйымдастырылды.
Департамент бастығы полиция полковнигі Эльдар Данияров тексеріс барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті мен мінез-құлқының ішкі істер органдары мен қоғамға әсерін ерекше атап өтті. Оның сөзінше, әрбір қызметкер – қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың тірегі, ал олардың кәсібилігі, жауапкершілігі мен ұқыптылығы – құқық қорғау саласындағы беделдің кепілі.
«Біздің басты міндетіміз – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен тәртіпті сақтау. Әрбір қызметкер өз сыртқы келбеті мен мінез-құлқы арқылы мәдениеттің және тәртіптің үлгісін көрсетуі тиіс», — деді полиция полковнигі.
Саптық тексеріс барысында қызметкерлердің жазғы киім үлгісіне сәйкестігі, жеке тазалығы және сыртқы келбетінің мәдени нормаларға үйлесімділігі бағаланды. Сондай-ақ, біртұтас ұжымдық үйлесім мен кәсіби дайындыққа да назар аударылды.
Бұл іс-шараның мақсаты – тәртіп пен сыртқы келбет стандарттарын сақтау, сондай-ақ азаматтармен жұмыс барысында полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен сенімділігін арттыру болып табылады. Абай облысы Полиция департаменті әрбір қызметкердің қоғам алдындағы міндетін жоғары деңгейде орындауына ерекше мән береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1196806?lang=kk

Жауап қалдыру