
2026 жылдың 8 сәуірінде Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің “№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-де Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаев қатысуымен педагогтерге және ата-аналарға арналған жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында педагогтерге білім беру сапасын арттыру, оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау, тәрбие жұмысын жүйелеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кеңінен қарастырылды.
Сонымен қатар, ата-аналармен тиімді байланыс орнату, түсіндіру жұмыстарын күшейту, оқушылардың құқықтарын қорғау бағытында нақты тапсырмалар берілді.
Педагогтердің кәсіби жауапкершілігін арттыру, заманауи талаптарға сай білім беру және бірлескен жұмыстың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Ата-аналармен жиналыс барысында оқушылардың сабаққа қатысуы, тәртібі, қауіпсіздігі, сондай-ақ ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі кеңінен талқыланды. Бала құқығын қорғау, білім сапасын арттыру және ұрпақ тәрбиесі, білім саласындағы талаптардың күшеюіне байланысты маңызды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ата-аналарға балаға қолайлы жағдай жасау, сабақтан қалмауын қадағалау, тәрбие мен кітап оқуға көңіл бөлу қажеттігі айтылды. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қолданылатын шаралар туралы ақпарат берілді.
Бала болашағы ата-ана мен мектептің бірлескен еңбегінің нәтижесі екені ерекше атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1197440?lang=kk

Жауап қалдыру