АЗИЗХАН ИСМАИЛОВ: ҚАРАБАУ АУЫЛЫ ОКРУГІНДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов тұрғындармен тығыз байланыс орнату және билік пен халық арасындағы ашықтықты нығайту мақсатында Қарабау ауылы округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында аталмыш ауыл округінде осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.
✔️Сонымен қатар, ауыл әкімдеріне кіріс көздерін ұлғайту, инвестиция тарту, елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру жұмыстарын жандандыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тұрғындарды сенбілікке белсенді қатысуға шақырды.
✔️Кездесу барысында тұрғындар ішкі көшелерді асфальттау, жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолдарын салу, арық-атыздарды тазалау жұмыстарына техника бөлу, қаңғыбас иттердің көбеюі, жайылым жер, ауыз су мәселелерін көтерді.
✔️Аудан әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, Қарабау ауылы округінің әкімі Ж.Әлімқұловқа және тиісті сала басшыларына әрбір мәселені назарға алып, жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен шешуді тапсырды.
✔️Кездесуден кейін аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы Сынтас елді мекенінде жеке кәсіпкердің өз қаражаты есебінен бой көтерген жаттығу залының жұмысымен танысып, нысанның жай-күйін аралап көрді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1197405?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді