
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы финал жекпе-жектері басталды.
Біздің Ұлттық құраманың спортшысы Бақыт Сейдіш (-70 кг) ақтық сында Арундхати Чоудхаримен (Үндістан) күш сынасып, тартысты өткен айқаста қарсыласына есе жіберді. Осылайша, Бақыт ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Есеп: 1-4.
Айта кетейік, Бақыт – 2022 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы.
Бүгін әйелдер арасында тағы 2 отандасымыз бас жүлдеге таласады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1197208?lang=kk

Жауап қалдыру