“Білім беру — мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар”тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 8 сәуірде ауданның орта білім беру ұйымдарында 11-сыныптарда “білім беру — мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар”тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты-оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және білім берудің маңыздылығын түсіну. Сынып сағаты барысында білім алушылар Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерімен танысып, білім алу құқығын, оның қолжетімділігін және білім беру жүйесін дамытудағы мемлекеттің рөлін талқылады.

Ел дамуының стратегиялық ресурсы ретінде білім берудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, білім берудің жеке өмірдегі және болашақ кәсіби қалыптасудағы рөлі туралы өз ойларымен бөлісті.

Іс-шара қорытындысы бойынша білім беру тұлға мен қоғамның табысты болашағының негізі болып табылады, сондай-ақ жауапкершілікпен қарауды және өзін-өзі дамытуға ұмтылуды талап етеді деген қорытынды жасалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1197290?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді