
Бүгін Павлодар облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде маңызды христиандық мерекелердің бірі – Пасха мерекесіне арналған брифинг өтті.
Іс-шараға дін істері басқармасының басшысы Н. Байбакиров және Павлодар қаласы Благовещенский кафедралды соборының епархиялық жиналысының хатшысы отец Алексий қатысты.
Брифинг барысында діни қызметкер Пасханың христиандықтағы маңызы туралы айтты. Сондай-ақ, отец Алексий журналистерді өңірде мерекелік ғибадаттар мен іс-шараларды дайындау және өткізу туралы хабардар етті. Барлық іс-шаралар қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өтетіні атап өтілді.
Қазақстан діни сенім бостандығы мен әрбір дінге құрмет қамтамасыз етілетін зайырлы мемлекет болып табылады. Павлодар облысының аумағында 12 конфессияның өкілдері тұрады, олардың арасында диалог пен конфессияаралық келісім сақталады.
Осындай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу біздің қоғамда рухани және адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-din/press/news/details/1197533?lang=kk

Жауап қалдыру