ЕГІЛГЕН КӨШЕТТЕРДІҢ ӨНУІН ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА ҰСТАУ ТАПСЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Өткен жылы аудан аумағын көгалдандыру мақсатында көктем-күз айларында облыстық тиісті басқармамен үйлестірілген 76 мыңнан астам ағаш көшеттері арнайы белгіленген орындарға отырғызылған болатын.
Соның ішінде 46 700 түбі Келтемашат ауылдық округіне тиесілі.
Атап айтқанда, 26 550 көшет Қоғалы ауылының маңындағы қоршалған, суғаруға қолайлы аумаққа егілсе, 20 150 көшет Жиынбай мектебі маңындағы дәл осындай қорғалған әрі суармалы жерге отырғызылды.
Бүгін аудан әкімі Асқар Естібаев пен аудандық мәслихат төрағасы Серғали Сәрсенбаев жауапты мамандармен бірге аталған питомниктерді аралап, ағаш көшеттерінің өну барысын жіті назарға алды.
Аудан әкімі егілген жасыл желекті бақылап, жауаптыларға олардың өніп-өсуін қатаң қадағалауды, уақытылы суғаруды және күтім жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді нақты тапсырды.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» демекші, алдағы уақытта аталған питомниктерді саябақтарға айналдырып, көпшілік демалатын көрікті орынға айналдыру жоспарлануда.
Айта кету керек, биыл да бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда. Наурыз айында 20 мыңнан астам көшет отырғызылса, ал күз мезгілінде қосымша 43 мыңнан астам ағаш егу жоспарланып отыр.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tyulkubas-audany/press/news/details/1197411?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді