«Еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңнамасын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік еңбек инспекторы Сейниханов Н.К. «ADM Group Company» ЖШС-на еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, сондай-ақ еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттардың алдын алу, сондай-ақ қолданыстағы еңбек заңнамасының негізгі талаптары туралы кеңінен ақпарат берілді.

Түсіндіру жұмыстары еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1197695?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді