
08 сәуір 2026 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Р.К.Тұңғышбаевтың төрағалығымен Шымкент қаласы прокуратурасының прокуроры Даурен Даулетұлы , Шымкент қаласы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Е.Ә.Акмолда, Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Е.Д.Арынбаев және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары М.А.Турганбаеваның қатысуымен жиналыс өтті.
Жиналыс барысында төмендегідей мәселелер қаралды.
- №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.С.Сарманова Зейнетақы төлемдерін тағайындау барысында анықталған артық төлемдерді қайтару, жалған ардагерлерді анықтау, сондай-ақ өзге де өзекті мәселелер туралы баяндады.
- МӘС және әдіснамалық бақылау бөлімінің басшысы Р.У.Шегирбаев Жалған құжаттар негізінде мүгедектік тағайындалған азаматтар бойынша құқық қорғау органдарына жолданған сұраулар аясында жүргізілген жұмыстар туралы баяндады.
Шақырылған органдар өкілдерінің (Шымкент қаласы прокуратурасы, Полиция департаменті, Әскери комиссариат, «Азаматтарға арналған үкімет» МК) өз ұсыныстарын білдіріп, өзекті мәселелерді талқылады.
Жиналыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелердің маңыздылығы атап өтіліп, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласында заңдылықты қамтамасыз ету, артық төлемдердің алдын алу және жалған құжаттарды анықтау бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі белгіленді. Уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды жандандыру, бірлескен жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу туралы нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1196819?lang=kk

Жауап қалдыру