КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы Полиция департаментінің Кербұлақ аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Мұратұлы аудан аумағындағы Жоламан, Самен ауылдары мен Дала станциясының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында полиция басшысы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, интернет-алаяқтықтың алдын алу, бөтен мүлікті ұрлаудың жолын кесу, сондай-ақ мал ұрлығының профилактикасы мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларын чиптеу қажеттілігі, олардың есебін жүргізу және бақылауды күшейту шаралары жөнінде айтылды. Бұл өз кезегінде мал ұрлығының алдын алуға және жоғалған малды жедел анықтауға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Кездесу барысында тұрғындарға күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, әрбір азаматтың өз мүлкіне жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды екені жеткізілді.

Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1197525?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді