Көпқабатты үйлерді басқару мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жібек жолы ауданының әкімі Қарлығаш Аралбекова меншік иелері бірлестіктерінің төрағалары және сервистік ұйым басшыларымен кездесу өткізді. Басқосу барысында көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүлкін күтіп ұстау, аула тазалығы және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мәселелері кеңінен қаралды.

Жиында сондай-ақ басқару органы жоқ тұрғын үйлерде басқару нысандарын құру қажеттігі атап өтіліп, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру бойынша нақты міндеттер айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhibekzholy/press/news/details/1197639?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді