Күрті ауылдық округінде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Күрті ауылдық округінде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Күрті ауылдық округінің әкімі Рахымбай Ғабит Даниялұлының бастамасымен Ақши ауылының шыға берісіндегі қоқыс полигонына жетпей төгілген тұрмыстық қалдықтарды тазарту жұмыстары басталып, қазіргі таңда арнайы техникалардың көмегімен қарқынды түрде жүргізілуде.

Аталған жұмыстардың басты мақсаты — ауыл аумағындағы экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаның тазалығын сақтау.

Сонымен қатар, округ әкімі арнайы видеоүндеу жасап, тұрғындарды қоқысты тек белгіленген орындарға төгуге, ауыл тазалығына бейжай қарамауға шақырды. Тазалық — баршамызға ортақ міндет екенін атап өтті.

Сондай-ақ, қоқысты жол бойына немесе арнайы белгіленбеген орындарға төккен азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылып, айыппұл салынатыны ескертілді.

Күрті ауылдық округінің тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға және ортақ іске белсенді атсалысуға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-kurti/press/news/details/1196844?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді