
2026 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұжымы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырған «Лудомания – мемлекеттік қызметшінің кәсіби сенімділігіне төнетін қауіп» тақырыбындағы семинарға ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта қатысты.
Түсіндірме барысында лудоманияның алдын алу, оның мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мен кәсіби жауапкершілігіне әсері, сондай-ақ тәуекелдердің алдын алу шаралары кеңінен талқыланды.
Семинар қатысушыларға өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, тәжірибе бөлісуге мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1197692?lang=kk

Жауап қалдыру