Мал ұрлығына тосқауыл: «Мал ұрлығына жол жоқ» ЖПІШ аралық қорытындылары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында мал ұрлығының алдын алуға, ауыл шаруашылығы жануарларының сақталуын қамтамасыз етуге және олардың иелерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Мал ұрлығына жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Іс-шараның алғашқы үш күнінде ауқымды профилактикалық және бақылау жұмыстары жүргізілді.

Барлығы 630 рейдтік іс-шара ұйымдастырылды, оның ішінде:
• жеке секторда — 273;
• шаруа қожалықтарында — 357.

Мал мен мал өнімдерінің заңсыз айналымының жолын кесу мақсатында сауда орындарында 90 тексеру жүргізілді, оның ішінде:
• мал базарларында — 4;
• ет өнімдерін өткізу орындарында — 65;
• сою пункттерінде — 21.

Іс-шара барысында 119 бас қараусыз жүрген мал анықталып, арнайы қораларға орналастырылды.

Бақылауды күшейту мақсатында қосымша қоралар ашу үшін 17 келісімшарт (меморандум) жасалды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда 1046 бас ірі қара мал жеке сәйкестендіруден өтті, оның ішінде:
• таңбаланғаны — 986;
• электронды сәйкестендірілгені — 60.

Сонымен қатар халық арасында кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ветеринариялық қызмет мамандарымен бірлесіп, азаматтарға заң талаптарын және малды ұрлықтан қорғау шараларын түсіндіруде.

Полиция ескертеді: мал ұрлығына қарсы тиімді күрес тек тұрғындардың белсенді қатысуымен мүмкін. Мал иелері есепке алу талаптарын сақтап, жануарларды уақытылы сәйкестендіріп, оларды қараусыз қалдырмауы қажет.

Күдікті жағдайлар туралы дереу полицияға хабарлауларыңызды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1197096?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді