Мектепке дейінгі немесе мектеп жасындағы балалардың дұрыс тамақтануы олардың дене дамуына және оқу үлгеріміне үлкен әсер етеді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Баланың толыққанды тағамға және табиғи, пайдалы өнімдерге деген қажеттілігі ересек адамға қарағанда жоғары. Баланың зат алмасу үдерісі ересек адаммен салыстырғанда 2 есе жылдам жүреді, сондықтан балалардың тәуліктік тағам рационы шамамен 10 %-ға жоғары болуы тиіс. Баланың дұрыс тамақтануы әртүрлі өнімдерді қамтуы керек: жемістер, көкөністер, сүт өнімдері, балық, ет, жарма дақылдары.
Баланың тамақтануы калориялығы жағынан теңгерімді болуы, яғни баланың белсенділігі мен дамуына барынша сай келуі қажет. Тағам өнімдерінің құрамында әртүрлі топтағы қоректік заттар болуы тиіс: ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер және минералды заттар. Баланың күнделікті рационына мынадай өнімдер кіруі керек: ет, балық, сүт, сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, компот, кисель.
Сухариктер, чипстер, фастфуд, саңырауқұлақтар, ысталған өнімдер, жасанды хош иістендіргіштері бар тағамдар, газдалған және энергетикалық сусындарды тұтыну ұсынылмайды.
Тамақтану режимін сақтау қоректік заттардың дұрыс сіңуіне, ас қорыту жүйесінің тиімді жұмысына және зат алмасудың қалыпты жүруіне ықпал етеді.
Тамақтануды ұйымдастырудағы маңызды факторлар — санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және өнімдерді өңдеудің технологиялық үдерістерін сақтау болып табылады.

Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-zhelezinka/press/news/details/1196874?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді