Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің Арнайы өкілі-Президент Әкімшілігінің Басшысы Кан Хун Шикті қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Президент Қазақстандағы корей халқына деген жылы қарым-қатынасты және Корея Республикасының қарқынды дамуын атап өтіп, Астананың екі ел арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталғанын растады.

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Менге өзінің арнайы өкілі ретінде Кан Хун Шиктің Қазақстанға сапарының маңыздылығына назар аудара отырып, жылы лебіздерін жеткізді.

– Сіздің сапарыңыз қазақ-корей өзара іс-қимылын одан әрі нығайту үшін зор маңызға ие. Бірлескен күш – жігердің арқасында елдеріміз арасындағы ынтымақтастық алдағы уақытта да қарқынды дамитынына сенімдімін,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Кан Хун Шик жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, президент Ли Чжэ Меннің Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша референдум сәтті өтуіне байланысты құттықтауларын жеткізді.

Арнайы өкіл Корея Республикасы Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды күшейту, түрлі салаларда бірлескен жобаларды іске асыру арқылы екіжақты қатынастарды сапалы жаңа деңгейге шығаруға маңызды мән беретінін айтты.

Әңгіме барысында жаһандық нарықтағы ағымдағы сын-қатерлерді ескере отырып, энергетикалық, көліктік-логистикалық салалардағы байланыстарды кеңейту перспективаларын қоса алғанда, екіжақты күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымы талқыланды.

Соңында Кан Хун Шик Мемлекет басшысына Президент Ли Чжэ Меннің Сеулге сапармен келуге шақыруын, оның ішінде ағымдағы жылдың қыркүйегінде өтетін “Корея Республикасы – Орталық Азия” бірінші саммитіне қатысу үшін тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея көшбасшысының шақыруын ризашылықпен қабылдады және алдағы жоғары деңгейдегі келіссөздер екі елдің ынтымақтастығын айтарлықтай жандандыруға, сондай – ақ Орталық Азия-Корея Республикасы форматындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1196923?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді