
Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының әйелдер арасындағы финалдары өтіп жатыр.
Қазақстан командасының тәжірибелі өкілі Надежда Рябец -80 кг дейінгі салмақтың ақтық айқасында өзбек былғары қолғап шебері Рухшона Парпиева жұдырықтасты. Алма кезек шабуылмен өткен жекпе-жекте отандасымыз басым түсті. Есеп: 5-0.
Надежда жартылай финалда Пуджа Раниді (Үндістан) 3-1 есебімен ұтқан. Бұл – Рябецтің ересектер санатындағы сары құрлық бәсекесіндегі алғашқы алтыны.
Осыған дейін шаршы алаңға шыққан Бақыт Сейдіш (-70 кг) күміс жүлдеге ие болды. Енді біраздан соң аса ауыр салмақтағы (+80 кг) Дина Исламбекова финалда бақ сынайды.
Осыған дейін әйелдер командасы сапынан Айгерім Сәттібаева (-48 кг) мен Валентина Хальзова (-75 кг) қола жүлдеге қол жеткізген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1197213?lang=kk

Жауап қалдыру