НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ САРЫАҒАШТАҒЫ «AINALA» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔰Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына жұмыс сапары барысында былтыр пайдалануға берілген аралас үлгідегі «Ainala» оңалту орталығына барды. Өңір басшысы мекеменің қызметімен танысып, дәрігерлермен және сала мамандарымен пікір алмасты.
🔰Өңір басшысы орталықта ем қабылдап, оңалту және даму процедураларынан өтіп жатқан балалардың жағдайын көрді. Сонымен қатар бүлдіршіндердің өнерін тамашалап, олардың жетістіктеріне оң бағасын берді.
🔰Аталған әлеуметтік нысан «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен және «Baquatty Aimaq Qory» қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асырылған жоба аясында ашылған.
«Ainala» оңалту орталығының басты ерекшелігі – оның аралас форматта жұмыс істеуі. Бұл әртүрлі диагнозы бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды қамтуға мүмкіндік береді. Орталықта тек медициналық оңалту қызметтері ғана емес, ерте араласу, әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтендіру бағытында да кешенді қолдау көрсетіледі.
🔰50 балаға арналған мекеме ерекше қажеттілігі бар балалардың өмір сапасын жақсартуға, олардың әлеуетін ашуға және қоғамға бейімделуіне ықпал етеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1197711?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді