
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу туралы брифинг өтті. Брифинг барысында өңірде киберқылмыстың өзектілігі, оның ішінде интернет-алаяқтықтың түрлері мен олардан қорғану жолдары кеңінен айтылды. Мамандардың айтуынша, алаяқтар өз әрекеттерінде жасанды интеллектті пайдаланып, азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін қолдануда. Сондай-ақ жалған банк қызметкерлері, инвестициялық платформалар, онлайн-сатылымдар және фишингтік сілтемелер арқылы жасалатын алаяқтық схемалар туралы түсіндірілді. Бұдан бөлек, «дроп» ұғымы, олардың қылмыстық схемалардағы рөлі және жауапкершілік шаралары атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1196911?lang=kk

Жауап қалдыру