Қазақстанда кардиологиялық қызметтің дамуы инфаркттан болатын өлімді төмендетуге және инсульт кезінде стационарлық өлімді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елде инсульт орталықтарымен (85) және коронарография бөлімшелерімен (82) толық қамту қамтамасыз етілген. Жүрекке жасалатын жоғары технологиялық операциялардың саны арттырылды.

Бұл инфаркттан болатын өлімді 3,2%-ға, ал инсульттан болатын стационарлық өлімжі 25%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Ми қан айналымы бұзылыстарының (инсульттердің) профилактикасы мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде 50 жастан асқан ер адамдардың арасында 2 жылда 1 рет брахиоцефалиялық тамырлардың ультрадыбыстық зерттеуін жүргізу арқылы скрининг енгізді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан инфекциялық емес аурулардан болатын өлімді 25%-ға төмендету көрсеткішіне қол жеткізген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңіріндегі алғашқы он елдің қатарына кірді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-ushtobe/press/news/details/1196929?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді