Қостанай облысында кене шағуының 31 жағдайы тіркелді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері Қостанай облысында кене шағуының 31 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 8 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында. Өткен жылдың осы кезеңінде 28 жүгіну тіркелген.

Кене шаққан тұрғындардың басым бөлігі медициналық көмекке Қостанай және Рудный қалаларында — әрқайсысында 8 адамнан, сондай-ақ Қарабалық ауданында — 4 адам жүгінген. Бұл медициналық көмектің қолжетімділігімен және халықтың кене арқылы жұғатын инфекциялар туралы хабардар болуының жоғары деңгейімен түсіндіріледі.

Өңір кене энцефалиті бойынша эндемиялық аймаққа жатпайды, сондықтан иммуноглобулинмен серопрофилактика жүргізілмейді. Кене шағуы арқылы жұғатын аурулар тіркелген жоқ.

Кене анықталған жағдайда, оны өз бетімен алуға болмайды — мүмкіндігінше тез арада медициналық көмекке жүгіну қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/press/news/details/1196864?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді